Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Азаматтық қорғау туралы

Азаматтық қорғау туралы
62-бап. Өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеу және iске асыру



Ст. 62 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



Өрт қауiпсiздiгi шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ өрттердің шығу себептерін талдау және оларға қарсы күрес тәжiрибесi, заттардың, материалдардың, технологиялық процестердің, бұйымдардың, конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың өртену қаупін бағалау негiзiнде әзiрленедi.

Кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар және басқа да объектілер үшін, оның ішінде оларды жобалау кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын әзірлеуде және іске асыруда өрттер кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ететін шешімдер міндетті түрде көзделуге тиіс.

Өндірістік объектілер үшін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерді көздейтін өрттерді жою жоспарлары міндетті түрде әзірленеді.

Статья 1 ...60 61 62 63 64 ...109 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 62-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ