Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Азаматтық қорғау туралы
7-бап. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар



Ст. 7 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесіндегі консультациялық-кеңесші органдар болып табылады және азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру және жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылады.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің республикалық және аумақтық деңгейлерінде құрылады.

2. Республикалық деңгейде уәкілетті органның шешімімен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құрылады.

3. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия өз өкілеттіктерін орталық және жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

4. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның негізгі міндеттері:

1) азаматтық қорғауды дамытудың және одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары;

2) азаматтық қорғау саласында құқықтық, экономикалық, ұйымдық-техникалық және өзге де шаралар жүйесін қалыптастыру;

3) азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарын құру және дамыту;

4) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, авариялар, апаттар, дүлей және өзге де зілзалалар салдарынан зардап шеккен азаматтарды, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық оңалту мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

5. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның:

1) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің азаматтық қорғау саласындағы іс-қимылдарын үйлестіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

2) азаматтық қорғау саласындағы іс-шараларға қатысты мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың басшылары мен лауазымды адамдарын тыңдауға;

3) орталық және жергілікті атқарушы органдардан, ұйымдардан өз жұмысына қажетті олардың қызметі туралы ақпаратты сұратуға;

4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауына талдау жүргізуге;

5) азаматтық қорғау мәселелері бойынша талдамалық, сараптамалық және басқа да жұмыстарды орындау үшін ұйымдардың мамандарын (олардың басшыларымен келісу бойынша) тартуға;

6) Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін бекітілген нормалар негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар.

6. Аумақтық деңгейде жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар құрылады, олар өз қызметін оларды құру туралы шешімдермен айқындалатын өкілеттіктер мен міндеттерге сәйкес жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органдардың басшылары – төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялардың төрағалары, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің басшылары төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар төрағаларының орынбасарлары болып табылады.

Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...109 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ