Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Азаматтық қорғау туралы

Азаматтық қорғау туралы
73-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасы



Ст. 73 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ




1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасына:

1) осы Заңның 71-бабының 2-тармағынада көрсетілген қауіпті техникалық құрылғылар;

2) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын құрылыс материалдарын қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар;

3) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы;

4) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттары, технологиялық құрылыстары;

5) аттестат алу кезінде мәлімделген жұмыс түрлеріне, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне заңды тұлғалар;

6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстводан тыс кешенді сараптама барысында жүзеге асырылады, оған қауіпті жаңа өндірістік объектілерді салу, сондай-ақ бұрыннан бар қауіпті объектілерді реконструкциялау (кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту) және күрделі жөндеу жобалары жатады.

2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын өтініш беруші ұйымға тәуелді емес аттестатталған ұйымдар өтініш беруші ұйымның қаражаты есебiнен жүргiзедi.

3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізудің нәтижесі сараптама қорытындысы болып табылады.

Қауіпті жаңа өндірістік объектілерді салуға немесе бұрыннан бар объектілерді реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер немесе жобалау-сметалық құжаттама) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама барысында жүргізілген өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының сараптама қорытындысы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті жиынтық сараптама қорытындысына енгізіледі.

Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...71 72 73 74 75 ...109 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 73-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ