Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 77 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Азаматтық қорғау туралы
77-бап. Қауіпті техникалық құрылғыларды және қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою және есептен шығару

Ескерту. 77-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою, есептен шығару үшін қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру жөніндегі ақпаратты қоса бере отырып өтініш береді. 

Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару үшін қауіпті техникалық құрылғыны пайдаланатын ұйым басшысы: 

өнеркәсіптік объектілерде – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтың бөлімшесіне өтініш береді; 

әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органға өтініш береді. 

2. Өтініште есепке қою немесе есептен шығару үшін қауіпті техникалық құрылғыны сәйкестендіру негіздері көрсетіледі. 

3. Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің немесе әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын қадағалау функциясын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу журналында тиісті жазба жасалады. 

4. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару тәртібін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 77-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 26.12.2019 № 284-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...75 76 77 78 79 ...109

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться