Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Азаматтық қорғау туралы
78-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келiсу

Ст. 78 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Екi және одан да көп облыстың шегiнде орналастырылатын қауiптi өндiрiстiк объектiнi, сондай-ақ стратегиялық объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторымен немесе оның орынбасарларымен келiсiледi. 

Өзге де қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторымен немесе оның орынбасарларымен келiсiледi. 

2. Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйым басшысы жобалау құжаттамасын келiсу үшiн: 

1) жобалау құжаттамасын келiсуге жiберу туралы өтiнiштi; 

2) жобалау құжаттамасының көшiрмесiн ұсынады. 

Келiсу тәртiбi қаржыландыру көздеріне қарамастан жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ олардың қазіргі барларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу қағидаларында айқындалады. 

3. Келiсу туралы оң шешiм немесе оны келiсуден уәждi бас тарту Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті жиынтық сараптамалық қорытындыға енгізіледі. 

4. Жобалау құжаттамасына өзгерiстер енгiзiлген кезде қайтадан келiсу жүргiзу мiндеттi. 

Ескерту. 78-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...76 77 78 79 80 ...109

Перейти к статье






Добавить комментарий к 78-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ