Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Азаматтық қорғау туралы

Азаматтық қорғау туралы
8-бап. Азаматтық қорғау қызметтері және эвакуациялық органдар



Ст. 8 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



1. Азаматтық қорғаудың арнайы іс-шараларын орындауды қамтамасыз ету және осы мақсаттарда күштер мен құралдарды дайындау үшін республикалық, облыстық, қалалық, аудандық азаматтық қорғау қызметтері құрылады.

2. Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

3. Азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйелерінің азаматтық қорғау қызметтері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімдерімен құрылады.

4. Эвакуациялық іс-шараларды орындауды ұйымдастыру мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарда, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда эвакуациялық органдар құрылады.

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...109 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 8-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ