Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Азаматтық қорғау туралы
80-бап. Аварияларды жою жоспары

Ст. 80 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Қауіпті өндірістік объектіде аварияларды жою жоспары әзірленеді. 

2. Аварияларды жою жоспарында адамдарды құтқару жөніндегі іс-шаралар, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары басшыларының және жұмыскерлерінің іс-қимылы көзделеді. 

3. Аварияларды жою жоспарында: 

1) жедел бөлім; 

2) аварияларды жоюға қатысатын жұмыскерлер арасында міндеттерді бөлу, іс-қимылдардың дәйектілігі; 

3) авария болған жағдайда құлақтандырылатын және оны жоюға қатысатын лауазымды адамдар мен мекемелердің тізімі қамтылады. 

4. Аварияларды жою жоспарын ұйым басшысы бекітеді және ол кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен және (немесе) құралымдарымен келісіледі.
Статья 1 ...78 79 80 81 82 ...109

Перейти к статье






Добавить комментарий к 80-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ