Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Азаматтық қорғау туралы
83-бап. Аварияларды тергеп-тексеру жөнiндегi комиссия



Ст. 83 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



1. Қауіпті өндірістік объектідегі аварияны, авария салдарынан болған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі өкілінің төрағалық етуімен комиссия жүргізеді.

Қауіпті өндірістік объектідегі бестен көп адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиға болған аварияны тергеп-тексеруді Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын мемлекеттік комиссия жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі қауіпті өндірістік объектідегі аварияны тергеп-тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияны өзге де негіздер бойынша да құруға құқылы.

2. Қауіпті өндірістік объектідегі аварияны және авария салдарынан болған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамына қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым басшысы, жергілікті атқарушы органның өкілі және кәсіби авариялық-құтқару қызметінің немесе құралымының өкілі кіреді.

Ескерту. 83-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...81 82 83 84 85 ...109 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 83-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ