Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Азаматтық қорғау туралы

Азаматтық қорғау туралы
9-бап. Азаматтық қорғау құралымдары



Ст. 9 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



1. Азаматтық қорғау құралымдары бейбіт уақытта және соғыс уақытында авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған.

2. Азаматтық қорғау құралымдары орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылады.

3. Азаматтық қорғау құралымдарына бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерді, жүкті әйелдерді, сегіз жасқа дейінгі жастағы балалары бар әйелдерді және соғыс уақытында – жұмылдыру нұсқаулары бар әскери міндеттілерді қоспағанда, еңбекке қабілетті еркектер мен әйелдер қабылданады.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...109 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ