Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Азаматтық қорғау туралы

Азаматтық қорғау туралы
93-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын орналастыру



Ст. 93 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



1. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында және мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiнде сақталады.

2. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар сақтауға берiлген мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының сапасы мен саны жағынан сақталуына жауапты болады.

3. Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесі, осы құндылықтардың номенклатурасы мен сақтау көлемі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тиісті кезеңге арналған тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жоспарымен айқындалады.

4. Жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жұмылдыру тапсырыстарына сәйкес қалыптастыруды, орналастыруды, сақтауды, олардың орнын ауыстыруды, уақтылы жаңартылуын, сондай-ақ оларды өткізу кезінде босатуды қамтамасыз етуге міндетті.

Кейіннен өздерінен жұмылдыру тапсырыстары алынған және жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтары броньнан шығарылған жағдайда, оларды сақтау мемелекеттік резервтен толық шығарылғанға дейін жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары мемлекеттің резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және олардың қозғалысы туралы есептер береді.

6. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар өздерінің бейіні өзгерген, қайта ұйымдастырылған, жекешелендірілген не таратылған жағдайларда, көрсетілген рәсімдерді жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті орган мен тиісті орталық атқарушы органдарды хабардар етеді.

Ескерту. 93-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 
17-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК РЕЗЕРВТІ ПАЙДАЛАНУ

Статья 1 ...91 92 93 94 95 ...109 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 93-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ