Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 94 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Азаматтық қорғау туралы
94-бап. Мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды пайдалану негiздерi және шығару тәртiбi

1. Мемлекеттiк резервтi жұмылдыру мұқтаждары үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың тиісті жоспарлары негiзiнде жүзеге асырылады. 

2. Мемлекеттік резервті нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. 

3. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар қабылдау үшін пайдалану мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады. 

4. Мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды шығару: 

1) оларды жаңартуға байланысты; 

2) қарызға беру тәртiбiмен; 

3) броньнан шығару тәртiбiмен жүзеге асырылады. 

5. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртiбiмен шығарған кезде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiк беруi міндетті шарт болып табылады. 

6. Егер материалдық құндылықтарды алушының: 

1) бюджет алдында берешегі болған; 

2) өзі бұрын алған мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын қайтармаған; 

3) банкроттық сатысында тұрған жағдайларда, мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары қарызға беру тәртiбiмен шығарыла алмайды. 

7. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртiбiмен шығарған кезде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган алушымен шарт (келiсiмшарт) жасасады. 

8. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртібімен шығарған кезде алушы қарызға беру шартының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кепіл салым бағасы жалпы сомасының үш пайызының ақысын төлейді. 

9. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен шығару, оларды төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету, гуманитарлық көмек көрсету, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру үшін шығару жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады. 

10. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк резерв тауарларын сатып алуы мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органда немесе мемлекеттік резерв саласындағы оның құрылымдық бөлімшесінде жүргiзiледi. 

10-1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасына және сақтау көлемдеріне сәйкес материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке кейіннен сала отырып, шарттық негiзде мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын жаңартуды жүзеге асырады. 

10-2. Мемлекеттік резервтің жаңартуға жататын материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына беру алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен өтеусіз негізде жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік резервтің жаңартуға жататын материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына беру тәртібі мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында айқындалады. 

11. Материалдық құндылықтарды броньнан шығару тәртiбiмен шығару – номенклатурасы өзгерген және кәдеге жаратылған немесе жойылған жағдайларда кейіннен салынбай, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін - кейіннен салына отырып жүзеге асырылады. 

12. Материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығарған кезде оларды өткізуден алынған қаражат мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган шарттың толық орындалғаны туралы растауды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бюджет есебіне жатқызылуға жатады. 

13. Төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шараларды қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету кезiнде пайдаланылған мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады. 

Гуманитарлық көмекті жеткізу және оны беру бойынша шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жүзеге асырылады. 

Ескерту. 94-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 332-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...92 93 94 94‑1 95 ...109

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться