Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы
16-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары



Ст. 16 Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1991 жылғы 20 желтоқсандағы



Қазақстан Республикасының азаматтығына:

1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады.

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған кезде кәмелетке толмағандардан, әрекетке қабiлетсіз және Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдардан не Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тiзбе бойынша кәсiптерге ие және талаптарға сай келетiн адамдардан және олардың отбасы мүшелерiнен осы тармақшаның бiрiншi абзацында көзделген шарттардың болуы талап етiлмейдi;

2) Қазақстан Республикасы азаматтарының iшiнде жақын туыстарының бiрi - баласы (оның iшiнде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының бiреуi (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы немесе әжесi бар, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасында тұру мерзiмiне қарамастан, қабылданатын болады.

Әскери қызмет атқарып жүрген және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әскери қызметшiлердiң азаматтығы мәселелерi Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен белгiленедi.

Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1995.10.03 N 2477 Заң күші бар жарлығымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2002.05.17 N 322, 2004.10.04 N 600, 2007.05.22 N 255, 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...14 15 16 16-1 17 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1991 жылғы 20 желтоқсандағы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 16-бап Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1991 жылғы 20 желтоқсандағы