Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы
20-бап. Азаматтықтан шығу



Ст. 20 Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1991 жылғы 20 желтоқсандағы



Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда  белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.

Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін.

 Егер шығу туралы өтінішхат берген адамға қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы жария етілсе не ол заңды күшіне енген соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе немесе адамның Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға жол берілмейді.

Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...18-1 19 20 21 22 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1991 жылғы 20 желтоқсандағы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 20-бап Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1991 жылғы 20 желтоқсандағы