Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 30 Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1991 жылғы 20 желтоқсандағы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы
30-бап. Iшкi iстер органдарының өкiлеттiгi

Iшкi iстер органдары: 

1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөніндегі өтініштер қабылдайды және оларды қажеттi құжаттармен бiрге Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына жiбередi; 

2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделгендей, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды тiркеудi жүзеге асырады; 

3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тiркейдi; 

3-1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тiркейдi; 

4) жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азматтығына қабылдауды ресімдейді; 

5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болуын (болмауын) айқындайды. 

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әзірлейді және бекітеді. 

Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...28 29 30 31 32 ...41

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться