Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы

Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы
31-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің өкілеттігі



Ст. 31 Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1991 жылғы 20 желтоқсандағы




Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi:

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұрып жатқан адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштер қабылдайды және қажетті құжаттармен бірге оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді;

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуын тіркейді;

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұрып жатқан адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тiркейдi;

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілеген тәртіппен жүргізеді;

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарға Қазақстан Республикасы азаматтығының тиесілігін айқындайды.

Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі әзірлейді және бекітеді.

Белгілі бір елде Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi болмаған ретте бұл органдардың міндеттерін тиісті шарттар негізінде басқа мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері атқарады.


Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...42 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 31-бап Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1991 жылғы 20 желтоқсандағы