Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Шаруашылық серiктестiктерi туралы

Шаруашылық серiктестiктерi туралы
18-бап. Толық серiктестiкке қатысушы үлесiнiң (үлесiнiң бiр бөлiгiнiң) ауысуы



Ст. 18 Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255




1. Толық серiктестiкке қатысушы өз үлесiн (үлесiнiң бiр бөлiгiн) қалған барлық қатысушылардың келiсуiмен ғана серiктестiктiң басқа қатысушыларына немесе үшiншi тұлғаға беруi мүмкiн.

2. Үлес серiктестiктiң басқа қатысушысына немесе үшiншi тұлғаға берiлген жағдайда толық серiктестiктен шыққан қатысушыға тиесiлi құқықтар мен мiндеттердiң бүкiл жиынтығы да ауысады.

3. Серiктестiкке қатысушы қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жарияланған ретте, құқығын иеленушi (мұрагерi) барлық қатысушылардың келiсуiмен серiктестiкке кiре алады.

4. Құқығын иеленушi (мұрагерi) толық серiктестiкке кiруден бас тартқан немесе серiктестiк құқығын иеленушiнi (мұрагердi) қабылдаудан бас тартқан жағдайда, оған серiктестiк мүлкiндегi құқығын иеленушi ретiнде тиесiлi үлесiнiң қатысушы қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған күнге анықталған құны осы Заңның 17-бабында белгiленген тәртiп бойынша төленедi.


Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...62 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255