Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Шаруашылық серiктестiктерi туралы
20-бап. Қатысушының толық серiктестiктегi үлесiнен өндiрiп алуды қолдану



Ст. 20 Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255




1. Қатысушының толық серiктестiктегi үлесiнен оның жеке борыштары бойынша өндiрiп алуды қолдануға борыштарын өтеу үшiн оның өзге мүлкi жеткiлiксiз болған кезде ғана жол берiледi. Мұндай қатысушының кредиторлары сол мүлiктен өндiрiп алуды қолдану мақсатында борышқордың серiктестiктiң жарғылық капиталындағы салымына бара-бар серiктестiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн осы Заңның 17-бабында анықталған тәртiп бойынша бөлуiн толық серiктестiктен талап етуге құқылы. Серiктестiк мүлкiнiң бөлуге жататын бөлiгi немесе оның құны кредиторлардың бөлу туралы талап қойған сәтiне жасалған баланс бойынша анықталады.

2. Қатысушының толық серiктестiк мүлкiндегi үлесiнен өндiрiп алу оның серiктестiкке қатысуын тоқтатады және осы Заңның 15, 19 және 24-баптарында көзделген салдарға әкелiп соғады.


Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...62 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 20-бап Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255