Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Шаруашылық серiктестiктерi туралы

Шаруашылық серiктестiктерi туралы
21-бап. Толық серiктестiкке қатысушыны хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танудың салдары



Ст. 21 Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255




1. Егер толық серiктестiкке қатысушы әрекетке қабiлетсiз немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған кезде серiктестiк сақталатын болса (осы Заңның 15-бабы), онда осы қатысушының қорғаншысы немесе оның мүлкi серiктестiктiң қалған қатысушыларының бәрi келiскен жағдайда ғана серiктестiк қызметiне қатыса алады.

Серiктестiктiң барлық қатысушысының осындай келiсiмi әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған қатысушының серiктестiк қызметiне қатысуы үшiн де талап етiледi.

2. Хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабiлетсiз деп танылған қатысушының қорғаншысы сол қатысушының атынан толық серiктестiк қызметiне қатысудан бас тартса немесе серiктестiк оның өзi қызметiне осындай қатысуынан бас тартқан жағдайда сол қатысушының заңды өкiлi ретiнде қорғаншысына серiктестiк мүлкiнiң қатысушы өкiлiне тиесiлi бiр бөлiгiнiң құны осы Заңның 17-бабында анықталған тәртiп бойынша төленедi.

Әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған қатысушыға, серiктестiк немесе сол қатысушының қамқоршысы серiктестiк қызметiне қатысудан бас тартқан жағдайда, сол қатысушыға нақ осындай тәртiп бойынша серiктестiк мүлкiнiң бiр бөлiгiнiң құны төленедi.


Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...62 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255