Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Шаруашылық серiктестiктерi туралы
26-бап. Сенiм серiктестiгiнiң ұғымы



Ст. 26 Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255



1. Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктестерiмен) ортақтасып жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, жауапкершiлiгi серiктестiктiң (салымшылардың) жарғылық капиталына өздерi салған салым сомасымен шектелетiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына қатыспайтын бiр немесе одан да көп қатысушылардан тұратын шаруашылық серiктестiгi сенiм серiктестiгi деп танылады.

2. Сенiм серiктестiгiне қатысатын толық серiктестердiң құқықтық жағдайы және олардың серiктестiк мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi толық серiктестiктiң қатысушылары туралы ережемен белгiленедi.

3. Осы Заңның толық серiктестiк туралы (10-25 баптар) нормалары сенiм серiктестiгiне қолданылады, өйткенi бұл осы тараудың ережелерiне қайшы келмейдi.

Статья 1 ...24 25 26 27 28 ...62 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 26-бап Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255