Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Шаруашылық серiктестiктерi туралы
28-бап. Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталы. Қатысушылардың сенiм серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi



Ст. 28 Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255




1. Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталы толық серiктестер мен салымшылардың салымынан құралады және жарғылық капиталға салым салған сәтте Қазақстан Республикасында заңмен белгiленген елу есептiк көрсеткiш мөлшерiнен кем болмауға тиiс.

2. Салымшылардың жарғылық капиталдағы үлесiнiң жиынтық мөлшерi 50 проценттен аспауы керек. Бұл ретте сенiм серiктестiгiнiң құрылтай құжаттарында салымшылардың толық серiктестiктердiң салымын (салымының бiр бөлiгiн) төлеу жөнiндегi мiндеттерi көзделуi мүмкiн.

3. Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталының мөлшерi, оны құрау тәртiбi мен мерзiмi серiктестiктiң құрылтай құжаттарында белгiленедi.

4. Қатысушылардың сенiм серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi осы Заңның 7-бабындағы ережелер бойынша анықталады.

Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізiлдi - ҚР 1997.06.19 N 132, 1998.04.22 N 221 Заңдарымен.


Статья 1 ...26 27 28 29 30 ...62 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 28-бап Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255