Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Шаруашылық серiктестiктерi туралы

Шаруашылық серiктестiктерi туралы
3-бап. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар



Ст. 3 Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255



1. Азаматтар ғана толық серiктестiкке қатысушылар және сенiм серiктестiгiндегi толық серiктес бола алады.

2. Азамат бiр ғана толық серiктестiкке қатысушы немесе бiр ғана сенiм серiктестiгiндегi толық серiктес бола алады.

3. Толық серiктестiкте кемiнде екi қатысушы болуға тиiс.

4. Азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктің, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктің қатысушылары және сенiм серiктестiгiнде салымшылар бола алады.

Мемлекеттің шаруашылық серіктестіктерге қатысуы және оларды басқару ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

5. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк бiр тұлға құруы немесе сол тұлға серiктестiктiң жарғылық капиталының барлық үлесiн сатып алған жағдайда бiр тұлғадан тұруы мүмкiн.

6. Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбеген болса, осы Заңға сәйкес құрылатын шаруашылық серiктестiктерiне жалпы негiзде қатысады.

Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.05.16 N 416, 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 5 ...62 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 3-бап Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255