Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы
11-бап. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым



Ст. 11 Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 534-IV



1. Мыналар:

1) арнайы экономикалық аймақтар, оның ішінде дербес кластерлік қор;

2) индустриялық аймақтар;

3) технопарктер;

4) тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары;

5) технологияларды коммерцияландыру орталықтары;

6) салалық конструкторлық бюролар;

7) технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтары;

8) инновациялық кластерлер индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтері болып табылады.

2. Индустриялық-инновациялық қызмет арнайы экономикалық аймақтарда – «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы», «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, индустриялық аймақтарда «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Тәуекелді инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорларының қызметі «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

4. Технопарктер қызметінің негізгі түрі - индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жұмыс істеуінің бастапқы кезеңінде оларға үй-жайлар, жабдықтар беру, бухгалтерлік есеп жүргізу, заңдық, ақпараттық және консультациялық қолдау, инвестициялар тарту, жобаларды басқару бойынша қызметтер, сондай-ақ индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін қажетті өзге де қызметтер көрсетуді білдіретін технологиялық бизнес-инкубациялау болып табылады. Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай көрсетілетін қызметтер құнын айқындау қағидаларын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

5. Технологияларды коммерцияландыру орталықтары қызметінің негізгі бағыттары: коммерцияландыру үшін технологиялар іздестіруді және оларды бағалауды, маркетингтік зерттеулерді, зияткерлік меншікті қорғау саласында консультациялық қызметтер көрсетуді, технологияларды коммерцияландыру стратегиясын әзірлеуді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің технологияларды коммерцияландыру саласында шарттар жасасуы мақсатында олардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, технологияларды коммерцияландыру жөніндегі қызметтер кешенін көрсету болып табылады.

Технологияларды коммерцияландыру орталықтарын әдіснамалық, консультациялық жағынан және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгедей түрде қолдауды технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты жүзеге асырады.

6. Салалық конструкторлық бюролардың негізгі міндеті индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жаңа немесе жетілдірілген тауарларды жасауда, оның ішінде технологиялар трансферті, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы сатып алу, бейімдеу, әзірлеу, оны кейіннен индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне өтеулі негізде беру және оның негізінде тауарлар өндірісін ұйымдастыру үшін қажетті қызметтер көрсету арқылы жәрдемдесу болып табылады.

7. Технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шетелдік әріптестерімен бірлесіп іске асыратын индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрады.

8. Инновациялық кластерлер өзара іс-қимыл жасасу және қолда бар мүмкіндіктерді бірлесе пайдалану, білім мен тәжірибе алмасу, технологияларды тиімді түрде беру, тұрақты әріптестік байланыстарды жолға қою және ақпаратты тарату арқылы индустриялық-инновациялық қызметті ынталандырады.

 Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.06.2014 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 534-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 534-IV