Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы
18-бап. Жарғылық капиталдарға тартылатын инвестицияларды жүзеге асыру



Ст. 18 Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 534-IV



Индустриялық-инновациялық жоба мынадай шарттарға:

1) еңбек өнімділігін арттыруға және экономиканың басым секторларын дамытудың ынталандырылуын қамтамасыз етуге;

2) мәні индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын ұлттық даму институттарының инвестициялық саясатын регламенттейтін ішкі құжаттарында айқындалатын болжамдық экономикалық және қаржылық параметрлер бойынша тартымдылыққа;

3) технологиялық әлеуетін арттыруға бағыттылығына, өндіріс және көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және көлемін ұлғайтуға, шикізаттар мен материалдарды өңдеуді тереңдетуге, жоғары технологиялық өнімдерді шығаруға сәйкес келген кезде, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталына тартылатын инвестицияларды индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын ұлттық даму институттары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын ұлттық даму институттарының инвестициялық қызметінің нәтижелері барлық индустриялық-инновациялық жобалар бойынша инвестициялық табыс негізінде айқындалады.

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 534-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 18-бап Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 534-IV