Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 13 Өсiмдiктер карантинi туралы 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Өсiмдiктер карантинi туралы
13-бап. Карантинге жататын өнiмдi әкелу, әкету, транзиттеу, iшкi мемлекеттiк тасымалдау, тексеру және залалсыздандыру тәртiбi

1. Карантинге жататын өнiмдi беруге немесе оның транзитiне шарт жасасқан кезде өнiм берушi уәкілетті органнан карантиндік фитосанитариялық шаралар туралы қажеттi ақпарат алуға және карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнiң алдын алуды қамтамасыз ететiн жағдайларды қарастыруға мiндеттi.  

Құпия сипаттағы ақпараты бар жасалған шарт өнiм берушiнiң жазбаша келiсiмiнсiз жария етiлмеуге тиiс.  

2. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуді бастауға және аяқтауға фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы ғана рұқсат етіледі. 

Карантинге жатқызылған өнімге кедендік құжаттарды ресімдеу мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау аяқталғаннан кейін жүргізіледі. 

Межелі пунктте әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге кедендік құжаттарды ресімдеу қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан кейін жүргізіледі. 

Басқа мемлекеттердің карантиндік фитосанитариялық шараларының баламалылығын тану Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. 

Әкелінетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнім карантиндік фитосанитариялық талаптарға және Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс. 

Әкелінетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнім Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жабық немесе изотермиялық, ақаусыз және пломбаланған контейнерлермен, герметикалық орамдармен, вагондармен, автофургондармен, авторефрижераторлармен және басқа да көлік құралдарымен тасымалданады. 

Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің, сондай-ақ артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланатын адамдардың карантинге жатқызылған өнімді әкелуі Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүргізіледі. 

Фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімнің межелі орындарында жөнелту орны мемлекетінің фитосанитариялық сертификатының түпнұсқасын өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырған кезде алып қоюға тиіс. 

2-1. Қазақстан Республикасының аумағына:  

1) экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарынсыз фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді; 

2) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, карантинді обьектілер мен бөтен текті түрлерді жұқтырған карантинге жатқызылған өнімді; 

3) карантинді объектілердің таралу ошақтары бар аймақтардан, орындардан және (немесе) өндіріс учаскелерінен топырақты, тамыр жайған тірі өсімдіктерді топырағымен қоса; 

4) уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін әкелінетін үлгілерді қоспағанда, өсімдік ауруларын қоздырушыларды - тірі саңырауқұлақ өскіндерін, бактерияларды, вирустарды, сондай-ақ өсімдіктерді бүлдіретін жәндіктерді, кенелерді, нематодтарды, карантиндік арамшөптер тұқымдарын; 

5) уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар енгізілген карантинге жатқызылған өнімді әкелуге тыйым салынады. 

3. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  

4. Карантинге жатқызылған өнімді әкетуге уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері беретін фитосанитариялық немесе карантиндік сертификаттар болған жағдайда:  

1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге – Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптары сақталған, импорттаушы елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкес фитосанитариялық сертификаттары болған кезде; 

2) Қазақстан Республикасының ішінде – Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптары сақталған, фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімге арналған карантиндік сертификаттары болған кезде рұқсат етіледі.  

Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге әкетілетін карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйінің импорттаушы елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкес келуін жүктi тиеп-жөнелтудiң бастапқы орындарында және экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезiнде теңiз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, темiржол станцияларында, пошта операторларының өндірістік объектілерінде, ішкі сауда объектілерінде, автовокзалдарда (автостанцияларда) және өзге де объектiлерде қайтадан белгiлейдi. Қайта тиеусiз Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге әкету кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде (фитосанитариялық бақылау бекетінде) тиеп-жөнелту орнында берiлген фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресiмделуiн ғана қадағалау жүзеге асырылады.  

4-1. Фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы беретін карантиндік сертификаттар болған кезде жүзеге асырылады. 

Облысаралық тасымалдау кезінде карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар – бастапқы тиеп-жөнелту орындарында және екінші рет карантинге жатқызылған өнімнің межелі орындарында куәландырады.  

Мыналарға:  

1) есепке алу нөмірін алған жеке және заңды тұлғаларға қайта өңдеуге жіберілген жағдайда, карантиндік арамшөптер (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) басқан астық пен оны қайта өңдеу өнімдеріне карантиндік сертификат беруге жол беріледі. Карантиндік арамшөптер (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) басқан астық пен оны қайта өңдеу өнімдері қайта өңделгеннен кейін карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантинге жатқызылған өнімді жете тексеру мен карантиндік фитосанитариялық сараптаманың және (немесе) зертханалық сараптаманың нәтижелері бойынша айқындайды; 

2) қараөрік шаркасының (шешегінің) (Plum Pox Potyvіrus) вирусы, жалған қалқаншалы шымыр мен қалқаншалы шымырлардың карантиндік түрлері бар жемістер мен жидектерге карантиндік сертификат беруге жол беріледі. 

Карантинге жатқызылған өнімді жүру жолында немесе межелі пунктінде басқа мекенжайға жіберу осы операция жүзеге асырылатын аумақтағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің рұқсатымен жүргізіледі. 

Қазақстан Республикасының карантиндік аймағынан әкетілген карантинге жатқызылған өнімді жүру жолында басқа мекенжайға жіберуге тыйым салынады. 

Орны ауыстырылатын карантинге жатқызылған өнім межелі пунктінде екінші рет карантиндік жете тексеруге жатады. 

Фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімнің межелі орындарында карантиндік сертификаттың түпнұсқасын өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырған кезде алып қоюға тиіс. 

5. Карантинге жататын өнiмдi және көлiк құралдарын тексеру мен залалсыздандыру, карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама, карантин құжаттарын беру олардың иелерi қаражатының есебiнен, Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасына сәйкес және онда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.  

Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiм, карантинге жатқызылған өнiм тасымалданатын көлiк өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттік қадағалауға және қажет болғанда фитосанитариялық қадағалау бекеттерінде карантиндiк тексеруге, сондай-ақ тиiстi актiлер ресiмделе отырып, карантинге жатқызылған өнім баратын жерде карантиндiк тексеруге жатады.  

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын түсiндiредi, фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық сертификаттың, карантиндік сертификаттың бар-жоғын анықтайды, көлiкті, карантинге жатқызылған өнiмді сыртқы қарап тексеруді жүргiзедi, өсiмдiктер зиянкестерiн, ауруларын және арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде зерттеу жүргiзедi. Қажет болған кезде үлгiлер мен объектiлер уәкілетті ұйымға объектiлердiң қандай карантиндiк түрге жататынын растауға берiледi. 

Егер тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнiмдi мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу үшін көрсетуден бас тартқан жағдайда, бұл өнім оның иесiнiң қаражаты есебiнен экспорттаушы елге немесе карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау жүзеге асырылған кезде жөнелтушіге қайтарылуға жатады, өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор карантинге жатқызылған өнімді экспорттаушы елге қайтару жүзеге асырылған кезде уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін немесе Қазақстан Республикасының шекара органдарын және мемлекеттік кіріс органдарын бұл жөнінде хабардар етедi. 

Карантиндi объектiлер табылған карантинге жатқызылған өнiм қайтаруға, карантиндiк арамшөптерден залалсыздандыруға, тазартуға немесе техникалық қайта өңдеуге, жоюға жатады. Карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыруға, тазартуға немесе қайта өңдеуге, оны жоюға байланысты шығыстарды оның иелерi төлейдi.  

Карантиндi объектiлермен залалданған, ғылыми немесе өзге де құндылығы бар себу материалдары мен отырғызылатын материалдар олардың иелерi өтiнiш жасаған кезде уәкілетті ұйымға зерттеу үшiн берiледі. Карантиндi объектiлермен залалдану жойылған кезде себу материалдары мен отырғызылатын материалдар олардың иелерiне қайтарылады. 

Карантинге жатқызылған өнiмдi алып қоюды (оның iшiнде, почталық жөнелтiлiмдерден, қол жүгiнен және багаждан) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор жүзеге асырады, ол туралы алып қою актiсi жасалады.  

Карантинге жатқызылған өнім карантиндік жете тексеруден өткізілгеннен және өсімдіктер карантині жөніндегі қажетті іс-шаралар жүргізілгеннен кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады және оның иесіне карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін береді. 

Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өніммен жүк операцияларын (басқа көлік құралдарына қайта тиеуді) оның иесі мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау және міндетті карантиндік жете тексеру жүргізілгеннен кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың рұқсаты бойынша жүргізеді. 

Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантиндік жете тексеруден өткен әкелінетін карантинге жатқызылған өнім, сондай-ақ көлік құралдары карантинге жатқызылған өнімнің түпкілікті межелі пунктінде екінші рет карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау жүргізу үшін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға беріледі.  

Карантинге жатқызылған өнімнің межелі пунктінде карантинге жатқызылған өнімді және көлік құралдарын жете тексеруді, талдау мен сараптама жасауға үлгілерді іріктеп алуды уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады, морфологиялық белгілері бойынша карантинді объектілерге, бөтен текті түрлерге ұқсас организмдер, өсімдіктер ауруларының нышандары, карантинге жатқызылған өнімнің карантинді объектілермен және бөтен текті түрлермен зақымдану белгілері мәлім болған жағдайда, үлгілер өсімдіктер зиянкестерінің, ауруларының және арамшөптердің түрлік құрамын анықтау үшін зертханалық сараптамаға жіберіледі. Карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша осы өнімді пайдалану жағдайлары туралы жазбасы бар акт толтырылады. 

6. Карантиндiк объектiлермен залалданған көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер, залалсыздандыру көзделген өнiмдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының ұйғарымы бойынша карантиндiк тұрғыдан ықтимал қаупi бар көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер залалсыздандыруға жатады. 

Карантиндік жете тексерудің нәтижелерi бойынша өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымдарымен көзделген карантинге жатқызылған өнiмдердi зарарсыздандыру карантинге жатқызылған өнім иеленушілерінің қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға рұқсат берілген жеке және заңды тұлғалармен шарттық негізде жүргізіледі. 

Есепке алу нөмірін алмаған жеке және заңды тұлғалардың карантиндік арамшөптер (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) басқан астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеуіне, ағаш қаптама материалын зарарсыздандыруына және таңбалауына тыйым салынады. 

Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнiмде карантиндiк объектiлер анықталған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде, фумигациялық камераларда, штабельдерде, кемелер мен баржалардың трюмдерінде, вагондарда, контейнерлерде және басқа да көлiк түрлерiнде залалсыздандыру бойынша жұмыстар жүргiзiледi. 

Карантинге жатқызылған импорттық өнімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының карантиндi аймақтарынан өнiмдi тасымалдаудан кейiн көлiк құралдарының барлық түрлерi өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор белгiлеген жерлерде өнiм қалдықтары жойыла отырып, мiндеттi тазартуға, ал қажет болған жағдайда - фумигациялануға жатады. 

Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.07.03 N 463, 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.11.2014 № 249-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (12.02.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.07.2015 № 330-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
13-1-бап. Карантиндi объектiлердi анықтау тәртiбi  

1. Карантиндi объектiлердi уақтылы анықтау, олардың таралу ошақтарының шекараларын айқындау мақсатында жер және орман алқаптары, ауыл шаруашылығы, әсемдiк, дәрiлiк және басқа да дақылдардың егiстiктерi мен көшеттерi, үйлер, ғимараттар, контейнерлер, қоймалар, өзге де объектiлер және карантинге жатқызылған өнiмдi шығарумен, өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткiзумен байланысты ұйымдардың аумақтары және карантиндi объектiлердi жұқтыру мен тарату көзi болуы мүмкiн өзге де объектiлер жүйелi түрде тексеруге жатады.  

Бұл жұмыстарды орындауды өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың нұсқамалары бойынша жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы қамтамасыз етеді.  

2. Зерттеп-қарау нәтижелерi, сондай-ақ бұл ретте анықталған өсiмдiктер зиянкестері, өсiмдiк ауруларын қоздырғыштар және арамшөптер осы объектiлердiң карантиндiк түрлерге жататынын айқындау және растау үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға жiберiледi. Объектiлерді айқындау мүмкін болмаған жағдайда, өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар карантиндiк түрлерге жататынын растау үшiн оларды уәкілетті ұйымға жiбередi. 

Уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары аталған объектiлерге бақылау зерттеп-қарауын жүргізеді. Зерттеп-қарау нәтижелерi карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргiзiлгенi туралы актiмен ресiмделедi. 

Ескерту. 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (12.02.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.07.2015 № 330-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
14-бап. Карантин белгiлеу мен оны алып тастау тәртiбi  

1. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  

2. Карантиндi аймақтарда карантиндi объектiлер залалдаған карантинге жатқызылған өнiмдi әкетуге тыйым салынады немесе шектеу енгiзiледi, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар әзірленіп, жүзеге асырылады.  

Карантиндi аймақтан әкетiлген залалданған өнiм қайтарылуға, тазартуға, залалсыздандырылуға немесе өңдеушi ұйымдарға берiлуге тиiс.  

Залалданған өнiмдi залалсыздандыру немесе өңдеу мүмкiн болмаған жағдайда, ол нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiппен алынуға және жойылуға тиiс.  

Карантиндiк шектеулер және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар тiзбесi карантиндi аймақтың жеке, заңды тұлғалары мен халқына хабарланады.  

Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

4-тарау. Дауларды шешу және Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік


Ескерту. 4-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  
15-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы дауларды шешу  

Өсiмдiктер карантинi саласындағы даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
Статья 1 ...12 12‑1 13 13‑1 14 ...21

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться