Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Өсiмдiктер карантинi туралы

Өсiмдiктер карантинi туралы
14-бап. Карантин белгiлеу мен оны алып тастау тәртiбi



Ст. 14 Өсiмдiктер карантинi туралы 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I



1. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

2. Карантиндi аймақтарда карантиндi объектiлер залалдаған карантинге жатқызылған өнiмдi әкетуге тыйым салынады немесе шектеу енгiзiледi, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар әзірленіп, жүзеге асырылады.

Карантиндi аймақтан әкетiлген залалданған өнiм қайтарылуға, тазартуға, залалсыздандырылуға немесе өңдеушi ұйымдарға берiлуге тиiс.

Залалданған өнiмдi залалсыздандыру немесе өңдеу мүмкiн болмаған жағдайда, ол нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiппен  алынуға және жойылуға тиiс.

Карантиндiк шектеулер және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар тiзбесi карантиндi аймақтың жеке, заңды тұлғалары мен халқына хабарланады.

Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17  № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  
4-тарау. Дауларды шешу және Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік
  Ескерту. 4-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...13 13-1 14 15 16 ...21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-бап Өсiмдiктер карантинi туралы 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I