Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Өсiмдiктер карантинi туралы

Өсiмдiктер карантинi туралы
18-бап. Өсiмдiктер карантині жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру



Ст. 18 Өсiмдiктер карантинi туралы 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I



1. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөнiндегi іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

2. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен:

1) жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі және (немесе) жер пайдалануындағы объектілер мен жер учаскелерінде карантиндік арамшөптердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөнiндегi іс-шаралар;

2) залалданған карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, карантинге жатқызылған өнiмді қайтару;

3) үй-жайлар мен көлік құралдарын зарарсыздандыру және тазарту орындалады.

Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.07.2015 № 330-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
6-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы
халықаралық ынтымақтастық

Статья 1 ...16 17 18 19 20 21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Өсiмдiктер карантинi туралы 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I