Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Өсiмдiктер карантинi туралы
4-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру принциптерi

Ст. 4 Өсiмдiктер карантинi туралы 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Қазақстан Республикасының аумағында өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың принциптерi мыналар болып табылады: 

1) Қазақстан Республикасының азық-түлiк және шикiзат қауiпсiздiгiн сақтап тұру және мүлiктi сақтау мақсатында өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмдердi карантиндi объектiлердiң бүлдiруiнен және жоюынан қорғауды қамтамасыз ету; 

2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау, Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық; 

3) өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмге карантиндi объектiлердiң ықтимал әсерiн объективтi, ғылыми негiздеп бағалау және олардың ықтимал зиянын болғызбау; 

4) халықтың, жеке және заңды тұлғалардың, ұйымдардың, мемлекеттiк басқару және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi шараларды орындауға белсене қатысуы; 

5) өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастық.  

Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.02.18 N 293, 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.11.2014 № 249-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы
мемлекеттік реттеу

Статья 1 2 3 4 5 6 ...21

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Өсiмдiктер карантинi туралы 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I