Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7-1 Өсiмдiктер карантинi туралы 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Өсiмдiктер карантинi туралы
7-1-бап. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелердің функциялары

1. Уәкілетті ұйым: 

1) зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі өсімдіктер зиянкестерінің, өсімдік ауруларын қоздырғыштардың және арамшөптердің, оның ішінде карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындайды; 

2) импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардағы өсімдіктер зиянкестерімен, өсімдік ауруларын қоздырғыштармен және арамшөптермен, оның ішінде карантинді объектілермен және бөтен текті түрлермен жасырын залалдануды анықтайды; 

3) тұрақты негізде фитосанитариялық тәуекелді талдауды жүзеге асырады; 

3-1) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тәртібі мен тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды әзірлейді; 

3-2) фитосанитариялық тәуекелге жүргізілген талдау негізінде уәкілетті органға карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесінен карантинді объектілерді, бөтен текті түрлерді алып тастау немесе оны карантинді объектілермен, бөтен текті түрлермен толықтыру туралы ұсыныстар енгізеді; 

3-3) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар мен мүдделі адамдарды оқытуды жүргізеді; 

3-4) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің коллекциясын депонирлеу мен сақтауды қамтамасыз етеді; 

4) зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі анықталған карантиндi объектiлер мен бөтен текті түрлер туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсынады; 

5) уәкілетті органға карантиндік фитосанитариялық талаптарды әзірлеуде әдістемелік көмек көрсетеді; 

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

2. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы: 

1) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын анықтау мақсатында аумақты зерттеп-қарауды жүргізеді; 

2) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарының шекарасы мен алаңын айқындайды; 

3) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын есепке алуды жүргізеді; 

4) уәкілетті органның ведомствосына карантинді объектілер мен бөтен текті түрлер таралуының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдарын береді; 

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту. 7-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.07.2015 № 330-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7-2-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк монополия 

1. Карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген, оларға қатысты таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жою және (немесе) шұғыл шараларды жүргізу мемлекеттік монополияға жатады және оларды өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.  

Карантинге жатқызылған өнімге карантиндік фитосанитариялық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі қызмет карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген, оларға қатысты таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жою және (немесе) шұғыл шараларды жүргізу жөніндегі қызметпен технологиялық жағынан байланысты болып табылады. 

Карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюды, сондай-ақ шұғыл шараларды жүргізу Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді. 

Ескерту. 7-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-3-бап. Автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның құзыреті 

Ескерту. 2-тарау 7-3-баппен толықтырылды - ҚР 10.11.2014 № 249-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...6‑1 7 7‑1 7‑2 7‑3 ...21

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться