Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Өсiмдiктер карантинi туралы

Өсiмдiктер карантинi туралы
7-2-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк монополия



Ст. 7-2 Өсiмдiктер карантинi туралы 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I



1. Карантиндi объектiлердiң таралу ошақтарын оқшаулау және жою мемлекеттік монополияға жатады және оны өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.

Карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі қызмет карантиндi объектiлердiң таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі қызметпен технологиялық байланысты болып табылады.

2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.

  Ескерту. 7-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...7 7-1 7-2 7-3 8 ...21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-2-бап Өсiмдiктер карантинi туралы 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I