Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Өсiмдiктер карантинi туралы
7-3-бап. Автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның құзыреті



Ст. 7-3 Өсiмдiктер карантинi туралы 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I



1. Автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган:

1) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде көлік құралдарында және тасымалдауға арналған бейімдемелерде (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарында, салондарында, багаж және жүк бөлімшелерінде, контейнерлерде), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажында өткізілетін әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;

2) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге құжаттамалық мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды, сондай-ақ қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүргізеді;

3) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде:

Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы;

өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқама береді және оның орындалуын бақылайды;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган өз қызметін уәкілетті органмен, шекара және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.

 Ескерту. 2-тарау 7-3-баппен толықтырылды - ҚР 10.11.2014 № 249-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...7-1 7-2 7-3 8 8-1 ...21 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Өсiмдiктер карантинi туралы 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-3-бап Өсiмдiктер карантинi туралы 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I