Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Кинематография туралы 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 212-VІ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Кинематография туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1) әлеуметтік маңызы бар фильмдер - қоғамның патриоттық, рухани-адамгершілік, зияткерлік және мәдени әлеуетін арттыруға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған өзекті, оның ішінде тарихи фильмдер; 

2) бірлесіп шығарылған фильм - шығарылуы шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғалар мен Қазақстан Республикасы азаматтарының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының қатысуымен жүзеге асырылатын фильм; 

3) дебюттік фильм – қоюшы режиссердің алғашқы фильмі; 

4) кадр сыртындағы аударма - аударылған сөздер туындының түпнұсқа дыбыс жолына салынатын фильмді аудару түрі; 

5) кинематография - фильмдерді шығаруға, пайдалануға және сақтауға бағытталған шығармашылық, ұйымдастырушылық-өндірістік, экономикалық, ғылыми, білім беру қызметінің түрлерін біріктіретін мәдениет саласы; 

5-1) кинематографиялық қызмет субъектісі – қызметінің негізгі түрлері: фильм жəне (немесе) киножылнама шығару, фильмді прокаттау, фильмді көрсету, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау жəне қызметтерді көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми, зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді сақтау болатын кəсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға; кинематографиялық ұйым; 

6) кинематографиялық ұйым - қызметінің негізгі түрлері: фильм және (немесе) киножылнама шығару, фильмді прокаттау, фильмді көрсету, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми, зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді сақтау болып табылатын заңды тұлға; 

7) киножоба - фильмді шығаруды және прокаттауды жүзеге асыруға негіз болатын құжаттар мен материалдардың (сценарий, режиссерлік экспликация, фильм шығаруға арналған смета, күнтізбелік-қойылымдық жоспар, маркетинг жоспары, көзбен шолу материалдары) жиынтығы (топтамасы);  

8) киножылнама - уақыттың, орынның, мән-жайлардың өзіне тән ерекшеліктерін көрсететін және келешекте фильм шығаруға есептелген деректі сюжеттер; 

8-1) киносериал – көп сериялы кинотуынды; 

8-2) киноспектакль – кинематография жəне (немесе) телевизия құралдарымен жүзеге асырылған театрлық спектакльдің экрандалуы; 

8-3) кинофестиваль – арнайы іріктелген фильмдерді көрсететін іс-шара; 

9) Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдер - Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары шығарған және құқық иеленушілері де Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын фильмдер; 

10) Мемлекеттік фильмдер қоры – ұлттық фильмдердің, Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдердің, бірлесіп шығарылған фильмдердің жəне киножылнаманың, оның ішінде ұлттық мəдени игіліктің ажырамас бөлігі ретінде ұлттық фильмдер мен киножылнаманың бастапқы материалдарының киноколлекциясы; 

11) Мемлекеттiк фильмдер тiзiлiмi - прокатталуы және көрсетiлуi Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын фильмдердiң тiзбесi; 

12) оқиғалы фильмдер - мерейтойлық және атаулы күндерге, аса көрнекті тұлғаларға, қоғамдық маңызы бар және маңызды оқиғаларға арналған фильмдер; 

12-1) продюсер – фильмді қаржыландыруды, шығаруды жəне прокаттауды ұйымдастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке жəне (немесе) заңды тұлға; 

13) субтитрлеу - фильмді түпнұсқа тілінде мәтінмен сүйемелдеуді немесе аударма, дубляж жасау және (немесе) қосымша диалогтар мен сахнадағы іс-қимыл көріністерін толықтыру процесі; 

14) уәкiлеттi орган - кинематография саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

15) ұлттық фильм куәлігі - жеке немесе заңды тұлғаның осы Заңда көзделген мемлекеттік қолдау шараларына құқығын куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат; 

16) фильм – шығармашылық ниеттің негізінде жасалған, жеткізгіште жазылған жəне біртұтас тақырыпқа біріктірілген бейнеден жəне дыбыстық сүйемелдеуден тұратын дыбыстау-бейнелеу туындысы, оның ішінде киносериал, киноспектакль; 

17) фильмге дубляж жасау (дубляж) - қатысушы адамдардың буын артикуляциясына сай келетін аударма арқылы басқа тілдегі фильмнің дыбыстық қатарының тілдік бөлігін ілеспе түрде қайта жасаудан тұратын шығармашылық және өндірістік қызмет; 

18) фильмге прокаттау куәлігі (бұдан әрі - прокаттау куәлігі) - фильм туралы техникалық мәліметтер, фильмнің жасаушылары, жас санаты мен жанры туралы ақпарат көрсетілетін, жеке немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында фильмді тарату құқығын куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат; 

19) фильмдерді сақтау - фильмдер мен киножылнаманы және олардың бастапқы материалдарын сенімді, ұзақ мерзімге сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған қызмет, фильмдердің бастапқы материалдары мен көшірмелерін профилактикалық өңдеу, реставрациялау және қалпына келтіру; 

20) фильмдер мен киножылнаманың бастапқы материалдары - негатив, контратип, бейне негативі, фонограмма негативі, эталондық көшірме, қондырғы роликтер, паспорттар және олардың жазбалары, фильмнің бақылау көшірмесі, қайта жазбаның, музыканың, шулардың магнитті фонограммаларының түпнұсқасы, бейнефонограмма-мастер, компакт-диск және фильмнің кез келген материалдық нысанда таралымын көбейту үшін қажетті өзге де материалдар;  

21) фильмді көрсету - кинозалда, телекоммуникация желілері арқылы таралатын теле-, радиоарналарда және басқа да техникалық тәсілдермен жүзеге асырылатын, фильмді көпшілікке демонстрациялау; 

22) фильмді прокаттау - фильмді көрсету мақсатында оны Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған тәсiлдермен тарату; 

23) фильмді тіркеу - Қазақстан Республикасының аумағында таратылуға арналған фильм туралы мәліметтерді Мемлекеттік фильмдер тізіліміне енгізу; 

24) фильмнiң таралымын көбейту - фильмнiң бiр немесе одан да көп көшiрмесiн (таралымын) кез келген материалдық нысанда дайындау; 

25) фильм шығару - нәтижесінде фильм жасалатын, автордың шығармашылық ниетін іске асыру процесі; 

25-1) ұлттық фильмдердің сахналық-қойылымдық құралдары – ұлттық фильмдерді шығару кезінде қалыптастырылатын жəне пайдаланылатын материалдық безендіру заттарының жиынтығы; 

26) шектеулі прокат - саны Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін кинозалдардың жалпы санының он пайызынан аспайтын кинозалдарда фильмдерді бір рет көрсету. 

Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.09.2022 № 143-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 2 3 ...18

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться