Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 13 Кинематография туралы 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 212-VІ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Кинематография туралы
13-бап. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы

1. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз құрылтайшысы және акционері болып табылатын, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйым болып табылады. 

2. Мыналар:  

1) жоғары орган - жалғыз акционер;  

2) басқару органы - директорлар кеңесі; 

3) атқарушы орган - басқарма; 

4) Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жарғысына сәйкес өзге де органдар Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының органдары болып табылады. 

3. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ішкі аудит қызметін құрады. 

4. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының активтері мыналар: 

1) мемлекеттік мүлік; 

2) осы Заңның 12-бабының 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың аударымдары; 

3) ерікті мүліктік жарналар мен өзге де тұлғалардың қайырмалдықтары; 

4) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына түсетін өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылады. 

5. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы: 

1) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар мен ұлттық фильмдерді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдауды ұсыну, оның ішінде қызметінің негізгі нысанасы фильмдер шығару болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға мемлекеттік қаржылық қолдаудың жыл сайынғы сомасының жалпы көлемінің кемінде отыз бес пайызы мөлшерінде ұсыну; 

2) Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3) тармақша осы Заңның 18-бабына сәйкес 31.12.2025 дейін қолданылады.

3) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу жөніндегі бірыңғай операторы болып табылады. 

6. Фильмді ұлттық деп тану жəне Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанынан шығармашыл қызметкерлер, мəдениет қызметкерлері мен кинематография саласындағы сарапшылар қатарынан Сараптама кеңесі – консультативтіккеңес ші орган құрылады. 

6-1. Кинематография саласындағы ұсы ныстарды тұжырымдау мақсатында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанынан мемлекеттік органдар, кинематография қызметінің субъектілері өкілдерінің жəне кинематография саласындағы сарапшылардың қатарынан Ұлттық кинокомиссия – консультативтік-кеңесші орган құрылады. Ұлттық кинокомиссия туралы ережені жəне оның құрамын уəкілетті орган бекітеді. 

7. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына келтірілген залалдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен өтеледі. 

8. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде фильмдерді шығару "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 

Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 29.09.2022 № 143-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...11 12 13 13‑1 14 ...18

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться