Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 9 Коллекторлық қызмет туралы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Коллекторлық қызмет туралы
9-бап. Коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару негіздері

1. Мынадай: 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1) осы Заңның 5-бабы 5-тармағының 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жосықсыз әрекеттердің біреуін қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде үштен көп рет жасаған; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-1), 1-2) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2) коллекторлық агенттік Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етілетін есептілікті белгіленген мерзімде ұсынбаған, оны қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үштен көп рет жасаған; 

3) коллекторлық агенттік уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты бермеген, уақтылы бермеген не коллекторлық агенттік уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін мәліметтерді қамтымайтын ақпарат берген не сұралатын өзге ақпаратты бермеген, уақтылы бермеген не анық емес ақпарат берген, коллекторлық агенттік оны қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үштен көп рет жасаған; 

4) коллекторлық агенттік өзі қабылдаған және (немесе) өзіне уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамаған, уақтылы орындамаған, коллекторлық агенттік оны қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үштен көп рет жасаған; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5) коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізілген күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде коллекторлық қызметті жүзеге асырмаған; 

6) коллекторлық агенттіктің қызметін тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енген; 

7) коллекторлық агенттік күнтізбелік соңғы он екі айда тексеру жүргізуге үш және одан да көп рет кедергі келтірген; 

8) коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда, коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығарылады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген жағдайда, коллекторлық агенттіктің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару туралы өтінішіне барлық міндеттемелердің орындалғанын растау, сондай-ақ баланста бұрын алынған құқықтардың (талап етулердің) жоқ екені туралы хат қоса беріледі. 

2. Коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығарылған жағдайда, уәкілетті орган оны шығарылған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде бұл туралы жазбаша түрде хабардар етеді. 

Хабарлама есептік тіркеуден өтуге арналған өтініште не коллекторлық агенттіктің тұрған жерінің өзгергені туралы жазбаша хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі. 

3. Уәкілетті органның коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен алып тастау туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. 

Уәкілетті органның коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен алып тастау туралы шешіміне шағым жасау осы шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды. 

4. Коллекторлық агенттік өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған кезден бастап оның берешекті өндіріп алу туралы жаңа шарттар жасасуына және (немесе) банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтардың (талап етулердің) коллекторлық агенттікке өту жағдайларын қамтитын шарттар (бұдан әрі - талап ету құқығын басқаға беру шарты) жасасуына тыйым салынады. 

5. Коллекторлық агенттік өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған күннен не коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде:  

өз атауынан "коллекторлық агенттік" деген сөздерді, олардан туындайтын, өзін коллекторлық қызметті жүзеге асырады деп болжататын сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге; 

өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған не коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған күнге, берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде коллекторлық агенттікке берілген берешек жөніндегі барлық мәліметтер мен құжаттарды кредиторға беруге; 

өзіне банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаға не оның нұсқауы бойынша мұндай тұлға сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасқан сервистік компанияға уәкілетті органның оны коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығарылғаны туралы хабарламасын алған не коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған күнге, сенімгерлік басқару шарты негізінде коллекторлық агенттікке берілген, банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) бойынша барлық мәліметтер мен құжаттарды беруге; 

берешекті өндіріп алу туралы жасалған барлық шарттарды және (немесе) сенімгерлік басқару шарттарын бұзуға міндетті. 

Кредитор берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде коллекторлық агенттікке берілген берешек жөніндегі мәліметтер мен құжаттардың қабылдануын қамтамасыз етуге, сондай-ақ бұрын осы коллекторлық агенттікпен жасалған берешекті өндіріп алу туралы шарттарды бұзу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. 

Өзіне банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға не мұндай тұлға сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасқан сервистік компания осы тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацында көзделген жағдайда, мәліметтер мен құжаттардың қабылдануын қамтамасыз етуге міндетті. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырмаған жағдайда, коллекторлық агенттік Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп таратылуға жатады. 

6. Коллекторлық агенттік өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бұл туралы: 

берешекті өндіріп алу туралы шарттар жасасқан кредиторларды; 

сенімгерлік басқару шартында көзделген тәсілдермен өздерімен сенімгерлік басқару шарттары жасалған тұлғаларды; 

берешегі коллекторлық агенттікке берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде берілген борышкерлерді осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген тәсілдермен; 

өздеріне банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқару шарттары негізінде берілген борышкерлерді осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген тәсілдермен хабардар етуге міндетті. 

Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 133-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...22

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться