Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы
13-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері авторларының құқықтары



Ст. 13 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 381-V ҚРЗ



1. Айрықша құқықтары жұмыс берушіге тиесілі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің авторларына сыйақыны жұмыс беруші олар тиісті патентті немесе авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (қорғау құжатын) алған күнінен бастап бір ай мерзімде төлейді.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жасағаны үшін сыйақыны жұмыс беруші, егер олардың арасындағы шартта өзгеше белгіленбесе, кемінде бір орташа айлық жалақы мөлшерінде төлейді.

Айрықша құқықтары жұмыс берушіге тиесілі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жеке өндірісінде ендірген (пайдаланған) жағдайда ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінің авторына кемінде бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сыйақы патент немесе авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (қорғау құжаты) қолданысының бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын төленеді.

2. Лицензиялық шартты немесе айрықша құқықты басқаға беру шартын жасасқан жағдайда авторға сыйақы сыйақының ең жоғары мөлшері шектелмей, лицензиялық шарт сомасының (роялтиді қоса алғанда) кемінде отыз пайызын құрайды. Сыйақы автордың жұмыс берушімен жасасқан шарты негізінде төленеді. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін ендіргені (пайдаланғаны) үшін сыйақы авторға осындай нәтиже пайдаланылған әрбір қаржы жылы аяқталғаннан кейін үш айдан кешіктірмей және лицензиялық шарт қолданысының бүкіл мерзімі ішінде лицензиялық шарт бойынша төлемдер түскеннен кейін үш айдан кешіктірмей төленеді.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген сыйақыларды уақытында төлемегені үшін жұмыс беруші авторға олардың арасында жасалған шартқа сәйкес мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл төлейді.

4. Егер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері айрықша құқықтар жұмыс берушіге тиесілі бірнеше автордың бірлескен шығармашылық еңбегімен жасалған болса, онда олардың әрқайсысына кемінде бір орташа айлық жалақы мөлшерінде сыйақы төленеді.

Егер жұмыс беруші мен авторлар арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген сыйақылар мен өсімпұлдарды жұмыс беруші авторларға тең мөлшерде төлейді.

5. Жұмыс беруші мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінің авторы болып табылатын жұмыскер арасындағы еңбек қатынастары тоқтаған жағдайда да осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген сыйақылар мен өсімпұл төлеу сақталады.

6. Егер айрықша құқықтары өзіне (өздеріне) тиесілі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің авторы (авторлары) стартап-компанияның құрылтайшысы ретінде, оның ішінде өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалармен бірлесіп әрекет еткен жағдайда, оның (олардың) стартап-компанияның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі кемінде он бес пайызды құрауға тиіс.

7. Зияткерлік меншік авторлары мен иелерінің құқықтарын бұзуға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы шарттарды жасауға және орындауға байланысты даулар сот тәртібімен қаралады.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...19 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 381-V ҚРЗ