Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы
2-бап. Қазақстан Республикасының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы заңнамасы



Ст. 2 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 381-V ҚРЗ



1. Қазақстан Республикасының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Осы Заңда реттелген, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаражатынан жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулер шеңберінде алынған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бөлігіндегі құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының сатып алуды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейтін заңнамасы қолданылмайды.

3. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне технологияларды коммерцияландыруға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта, осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

Статья 1 2 3 4 ...19 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 2-бап Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 381-V ҚРЗ