Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы
4-бап. Ғылым саласындағы уәкілетті органның құзыреті



Ст. 4 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 381-V ҚРЗ



Ғылым саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) құзыретіне мыналар:

1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды жоспарлау, ынталандыру жөніндегі шараларды іске асыру;

4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру тәртібін бекіту;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі шаралардың тиімділігі туралы ақпаратты енгізу;

6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу тәртібін бекіту;

7) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу, бекіту және іске асыру;

8) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;

9) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы шоғырландырылған талдамалық ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурстарында және мерзімді баспасөз басылымдарында ашық қолжетімді орналастыру;

10) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды әдіснамалық қамтамасыз ету;

11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктер кіреді.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...19 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 381-V ҚРЗ