Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы
9-бап. Мемлекеттік ынталандыру шаралары



Ст. 9 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 381-V ҚРЗ



Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысушыларға ұсынылатын мемлекеттік ынталандыру шараларына:

1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жасағаны және ендіргені (пайдаланғаны) үшін авторларға сыйақылар төлеу;

2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған гранттар;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жоғары технологиялық өнім шығаруды және (немесе) жаңа технологиялар ендіруді жүзеге асыратын өндірістер құруға жәрдемдесу;

4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысушылардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау бағдарламалары;

5) уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындаған өзге де ынталандыру шаралары жатады.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...19 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 381-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 9-бап Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 381-V ҚРЗ