Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы

Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



Ст. 1 Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы 2002 жылғы 24 маусымдағы N 330



Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) айрықша құқықтар кешенi (лицензиялық кешен) - бiрқатар санаткерлiк меншiк объектiлерiне (тауар таңбасына, фирмалық атауға, қызмет көрсету таңбасына, патентке, ашылмаған ақпаратқа, оның iшiнде өндiрiс құпияларына (ноу-хауға) құқықтар; 

2) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) - айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi осы кешендi басқа тұлғаға өтемдi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет; 

3) кешендi лицензиар (франчайзер) - кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша тарап, айрықша құқықтар кешенiн кешендi лицензиатқа өтемдi негiзде пайдалануға беретiн айрықша құқықтар кешенiнiң (лицензиялық кешеннiң) құқық иеленушiсi; 

4) кешендi лицензиат (франчайзи) - кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша тарап, лицензиардың айрықша құқықтар кешенiн кәсiпкерлiк қызмет пайдаланатын, осы кешеннiң құқық пайдаланушысы; 

5) лицензиялық брокер - кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын жасасу және орындау кезiнде делдалдық қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 

6) әлеуетті кешендi лицензиат - айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсiмен кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын жасасу мақсатында келiссөз жүргiзетiн тұлға; 

7) франчайзингтiк қызмет - кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын жүзеге асыруға байланысты кәсiпкерлiк қызмет; 

8) франчайзингтiк қатынастар - кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын орындау жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi өзара байланысты мiндеттемелерге қатысушылар арасындағы құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.

Статья 1 2 3 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-бап Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы 2002 жылғы 24 маусымдағы N 330