Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы
20-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензияның (франчайзингтiң) түрлерi



Ст. 20 Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы 2002 жылғы 24 маусымдағы N 330



Кешендi кәсiпкерлiк лицензияның (франчайзингтiң) негiзгi түрлерi мыналар:

1) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) - жұмыс орны, оған сәйкес лицензиар әзiрленген жұмыс орнын құрады және оны лицензиялық кешенмен қоса жеке кәсiпкер-лицензиатқа бередi; 

2) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) - кәсiпорын, бұл ретте лицензиар кәсiпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен қоса лицензиатқа бередi; 

3) конверсиялық кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг), бұл ретте тараптар құрылымдық бөлiмшелердi дербес кәсiпорындар етiп қайта құру негiзiнде шарт жасасады; 

4) көп кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг), оның негiзiнде лицензиат бiрнеше кәсiпорын құрады; 

5) өндiрiстiк кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг), бұл ретте кешендi лицензиар кешендi лицензиатқа тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) кешендi лицензиар жеткiзетiн немесе онымен келiсу арқылы жеткiзiлетiн шикiзатты, материалдарды, технология мен жабдықты пайдалана отырып, өзiнiң тауар таңбасымен не өзге де даралау құралымен өндiруге немесе өндiру мен өткiзуге құқық бередi; 

6) тауарлық кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг), бұл ретте кешендi лицензиар кешендi лицензиатқа тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) кешендi лицензиар беретiн не онымен келiсу арқылы белгiленетiн маркетинг технологиясын пайдалана отырып, өзiнiң тауар таңбасымен не өзге де даралау құралымен өткiзуге (сатуға) құқық бередi; 

7) кешендi кәсiпкерлiк лицензияның (франчайзингтiң) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын өзге де түрлерi.

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы 2002 жылғы 24 маусымдағы N 330 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 20-бап Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы 2002 жылғы 24 маусымдағы N 330