Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы

Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы
5-бап. Франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк қолдау шаралары



Ст. 5 Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы 2002 жылғы 24 маусымдағы N 330



1. Қазақстан Республикасында франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк қолдаудың негiзгi шаралары мыналар: 

1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

2) франчайзингтiк қатынастарды дамыту және оларға жәрдемдесу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және жетiлдiру; 

3) франчайзингтiк қатынастар субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жеңiлдiктер мен кепiлдiктер беру; 

4) франчайзингтiк қызметтi жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету; 

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айрықша құқықтар кешенiн тiркеу және қорғау; 

6) Қазақстан Республикасының кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы заңнамасының сақталуын бақылау; 

7) Қазақстан Республикасында кешендi кәсiпкерлiк лицензияны (франчайзингтi) дамыту мен таратуға жәрдемдесетiн өзге де шаралар болып табылады. 

2. Франчайзингтiк қатынастарды қолдау жөнiндегi мемлекеттiк органдарды және олардың функцияларын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

 Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы 2002 жылғы 24 маусымдағы N 330