Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Бәсекелестiк туралы

Бәсекелестiк туралы
15-бап. Монопсониялық жағдай және монопсониялық төмен баға



Ст. 15 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV



1. Сатып алушы ретінде үстем немесе монополиялық жағдайға ие, тиісті тауар нарығындағы үлесі жетпіс және одан көп процентті құрайтын нарық субъектісінің жағдайы монопсониялық жағдай болып танылады.

2. Монопсониялық жағдайға ие нарық субъектісінің тауарды сатып алатын тауар бағасы, егер:

1) осы баға монопсониялық жағдайға ие нарық субъектісіне тауар өткізетін нарық субъектілері есебінен өндіру және (немесе) өткізу шығындарын төмендету жолымен оған қосымша табыс алуға мүмкіндік берсе;

2) осы баға тауар өткізуші нарық субъектісіне осындай тауарды өндіру мен өткізуіне қажетті шығыстар мен пайда сомасынан төмен болса, монопсониялық төмен баға болып табылады.

3. Егер тауардың бағасы осы баптың 2-тармағында аталған критерийлердің біреуіне де сәйкес келмесе, ол монопсониялық төмен баға болып танылмайды.  
3-тарау. Жосықсыз бәсекелестік

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...81 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 15-бап Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV