Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Бәсекелестiк туралы
33-бап. Мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiкке қарсы әрекеттері, келiсiмдерi



Ст. 33 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV



 Ескерту. 33-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға немесе тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасауға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн актiлер не шешiмдер қабылдаудан көрiнетiн бәсекелестiкке қарсы әрекеттеріне конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тыйым салынады және олар толықтай немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.

2. Мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiкке қарсы әрекеттері болып, оның ішінде мыналар танылады:

1) қызметтiң қандай да бiр саласында нарық субъектiсiн құруға қатысты шектеулер енгiзу;

2) нарық субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асыруына негiзсiз кедергi келтiру;

3) тауарлардың еркiн қозғалысына қатысты тыйым салуларды белгiлеу немесе шектеулер, нарық субъектiлерiнiң тауарларды өткiзу құқықтарына өзге де шектеулер енгiзу;

4) нарық субъектiсiне сатып алушылардың белгiлi бiр санаты үшiн тауарларды бiрiншi кезекте беру не белгiлi бiр сатушылардан (өнiм берушiлерден) тауарларды бiрiншi кезекте сатып алу туралы немесе басымдықты тәртiппен шарттар жасасу туралы нұсқаулар беру;

5) тауарларды сатып алушылар үшін олардың осындай тауарлар ұсынатын нарық субъектiлерiн таңдауына шектеулер белгiлеу;

6) бағаларды көтеруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға бағытталған iс-әрекеттер;

7) тауар нарығын аумақтық қағидат, тауарлардың сатылу немесе сатып алыну көлемi, өткiзiлетiн тауарлардың ассортиментi бойынша не сатушылардың (өнiм берушiлердiң) немесе сатып алушылардың құрамы бойынша бөлуге бағытталған iс-әрекеттер;

8) нарық субъектiлерiнiң тауар нарығына кiруiн, одан шығуын шектеу немесе оларды тауар нарығынан ығыстырып шығару;

9) нарықтың жекелеген субъектiлерiне оларды бәсекелестерге қатысты артықшылықты жағдайға қоятын жеңiлдiктер немесе басқа да басымдықтар беру немесе бәсекелестермен салыстырғанда қызметте қолайсыз немесе кемсiтушілік жағдайлар жасау;

10) нарық субъектiлерiн шарттарды басымдықты тәртiппен жасасуға, тауарларды тұтынушылардың белгiлi бiр тобына бiрiншi кезекте беруге не тауарларды белгiлi бiр сатушылардан (өнiм берушiлерден) бiрiншi кезекте сатып алуға тiкелей немесе жанама мәжбүрлеу.

3. Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арасындағы немесе олар мен нарық субъектiлерi арасындағы келiсiмдерге, егер мұндай келiсiмдер бәсекелестiктi болғызбауға, шектеуге немесе жоюға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болса, тыйым салынады.

 Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...31 32 33 34 35 ...81 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 33-бап Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV