Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Бәсекелестiк туралы

Бәсекелестiк туралы
40-1-бап. Тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргiзу



Ст. 40-1 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV



1. Тiзiлiмдi бекiту және оған өзгерiстер енгiзу монополияға қарсы органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

2. Тiзiлiм монополияға қарсы орган белгiлеген нысан бойынша бекiтiледi.

3. Монополияға қарсы орган нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу (одан шығару) туралы шешiм қабылдаған жағдайда, осы нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсiне монополияға қарсы орган нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу (одан шығару) туралы шешiм қабылдаған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде тiзiлiмнен үзінді көшiрме жiберіледi.

4. Тұлғалар тобы тiзiлiмге бiртұтас нарық субъектiсi ретiнде енгiзiледi және бұл ретте тұлғалар тобына кiретiн, тиiстi тауар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын барлық жеке және (немесе) заңды тұлғалар көрсетiледi.

5. Нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу және одан шығару монополияға қарсы орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

 Ескерту. 6-тарау 40-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...39 40 40-1 41 42 ...81 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 40-1-бап Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV