Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 47 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV


Утратил силу

Бәсекелестiк туралы
47-бап. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау

1. Тауар нарықтарына талдау жүргізудің мақсаты бәсекелестікті қорғау мен дамытуға, монополистік қызметтің алдын алуға, шектеуге және жолын кесуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу үшін бәсекелестік деңгейін айқындау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау болып табылады.

2. Тауар нарығын талдау статистикалық ақпарат және (немесе) мемлекеттік органдар, нарық субъектілері және олардың бірлестіктері ұсынатын есептіліктің өзге де нысандары негізінде, сондай-ақ осы баптың 10-тармағына сәйкес ұсынылатын ақпарат негізінде жүргізіледі.

2-1. Монополияға қарсы орган жыл сайын тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді, оның қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) мемлекетке тиесілі пайыздарын көрсете отырып, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың, сондай-ақ бәсекелес ортаға беруге жататын қызмет түрлерінің тізбесін жібереді.

3. Тауар нарығының шекаралары, егер тауарды немесе өзара алмастырылатын тауарды осы аумақтың шегінен тыс жерлерден сатып алу экономикалық, технологиялық және басқа себептер бойынша орынсыз болса, тұтынушының оларды сатып алатын аумағын айқындайды.

4. Тауар нарықтарының шекаралары тауарларды сатып алудың қолжетімділігі ескеріле отырып, мынадай:

1) осы аумақта тауар сатып алу мүмкіндігінің;

2) көлік шығындарының тауар құнына қатысты алғанда негізділігі мен өзін-өзі ақтайтындығының;

3) тауарды тасымалдау кезінде оның сапасы, сенімділігі мен басқа да тұтынушылық қасиеттері сақталуының;

4) тауарларды сатып алуға-сатуға, әкелуге және әкетуге шектеулер (тыйым салу) болмауының;

5) өз шегінде тауарлардың сатылуы, берілуі жүзеге асырылатын аумақта бәсекелестікке тең жағдайлар болуының критерийлері бойынша айқындалады.

5. Тиісті тауар нарықтарының шекараларын айқындауды монополияға қарсы орган:

1) тауарлар нарықтарына талдау жасау кезінде;

2) тізілімді қалыптастыру және жүргізу кезінде;

3) жеке тұлғаның, нарық субъектісінің және (немесе) заңды тұлғалар бірлестіктерінің, сондай-ақ мемлекеттік органның дәлелді өтініші болған жағдайда;

4) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу фактілері анықталған кезде жүзеге асырады.

6. Тауар нарығының көлемі тауардың немесе өзара алмастырылатын тауарлардың әкеліну және әкетілу көлемдері ескеріле отырып, нарық субъектілерінің тауарды немесе өзара алмастырылатын тауарларды нарықтың шекаралары шегінде өткізуінің заттай көрсеткіштердегі немесе құн көрсеткіштеріндегі сомасы ретінде айқындалады.

Нарық субъектісі өз өнімінің бір бөлігін өз мұқтажына пайдаланған жағдайда, өткізу көлеміне тауар нарығындағы өткізу көлемі ғана қосылады.

7. Нарық субъектісінің тиісті тауар нарығындағы үлесі нарық субъектісінің тауарды немесе өзара алмастырылатын тауарларды нарықтың географиялық шекаралары шегінде өткізу көлемінің тиісті тауар нарығының жалпы көлеміне қатынасы ретінде айқындалады.

8. Нарық субъектілерінің үлесін айқындау өнім беру көлемінің үлесі өнім берудің жалпы көлемінде сексен бес проценттен асатын субъектілердің ақпараты болған кезде мүмкін болады.

9. Алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10. Нарық субъектілері, олардың бірлестіктері мен басшылары, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік кіріс органдары, олардың лауазымды адамдары монополияға қарсы органның осы Заңда көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыруы үшін қажетті анық құжаттарды, жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде монополияға қарсы органның талап етуі бойынша беруге міндетті.

Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV;  2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 22.04.2015 № 308-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...45 46 47 48 48‑1 ...81

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться