Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Бәсекелестiк туралы

Бәсекелестiк туралы
48-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері қызметінің мониторингі



Ст. 48 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV



1. Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметі мониторингінің мақсаты, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланумен байланысты бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу болып табылады.

2. Тізілімге енгізілген нарық субъектілері монополияға қарсы органға:

1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жыл сайынғы мiндеттi аудитке жататын нарық субъектілері үшін жыл қорытындылары бойынша аудиттелген қаржылық есептілікті – келесі жылдың 31 тамызына дейінгі мерзімде;

2) өзінің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) он және одан да көп процентін сату немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы тоқсан сайынғы ақпаратты - есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейінгі мерзімде;

3) өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткізілетін монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейі туралы, монополияға қарсы орган белгілейтін нысан бойынша тоқсан сайынғы ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейінгі мерзімде беруге міндетті.

 Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...46 47 48 48-1 49 ...81 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 48-бап Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV