Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Бәсекелестiк туралы
5-бап. Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясат



Ст. 5 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV



1. Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейді және монополияға қарсы орган іске асырады. 

1-1. Монополияға қарсы орган бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде айқындалған өз құзыреті шегінде бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.

3. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде бәсекелестіктің дамуына жәрдемдесуге және бәсекелестікке теріс ықпал ететін іс-әрекеттерді жасамауға міндетті.

 Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...81 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-бап Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV