Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Бәсекелестiк туралы
51-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттар беретiн тұлғалар



Ст. 51 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV




1. Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда монополияға қарсы органға өтінішхатты тиiстi шешiм қабылдайтын тұлға немесе нарық субъектiсiнiң құрылтайшылары (қатысушылары) бередi.

2. Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты монополияға қарсы органға дауыс беретін акцияларды (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, пайларын), негiзгi өндiрiс құралдарын, материалдық емес активтердi немесе тиiстi құқықтарды сатып алатын тұлға бередi.

3. Егер осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген мәмiлелердiң тарапы болып бiрнеше тұлға әрекет етсе, онда өтінішхатты мәмiленің қалған қатысушыларының атынан олардың бiреуi бере алады. Өтінішхатта экономикалық шоғырлануды жасау туралы шешiмдi қабылдаған тұлғалардың мүдделерiн монополияға қарсы органда бiлдiруге уәкiлеттi тұлға көрсетiледi.

 Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).


Статья 1 ...49 50 51 52 53 ...81 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 51-бап Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV