Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Бәсекелестiк туралы
54-1-бап. Жасалған экономикалық шоғырлану туралы монополияға қарсы органды хабардар ету тәртiбi



Ст. 54-1 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV




Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәмiлелердi жасасқан нарық субъектiлерi монополияға қарсы органды осы Заңның 50-бабы 7-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде хабардар етедi.

Жасалған экономикалық шоғырлану туралы жазбаша хабарлама монополияға қарсы органға тiкелей де, байланыс мекемелерi арқылы да жіберiлуi мүмкiн.

Монополияға қарсы органды:

1) екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарының, директорлар кеңестерiнің, байқаушы кеңестерiнің немесе басқарудың басқа да органдарының құрамына кіретін жеке тұлғаның олардың кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындауы жағдайында аталған жеке тұлға;

2) өзi кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзген кезде нарықтың басқа субъектiсiнiң орындауына мiндеттi нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құқықтарды иемденіп алатын (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарттың, бiрлескен қызмет туралы шарттың, тапсырма шартының негiзiнде) нарық субъектiсi хабардар етуге тиiс.

 Ескерту. 8-тарау 54-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).


Статья 1 ...53 54 54-1 54-2 55 ...81 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 54-1-бап Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV