Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Бәсекелестiк туралы
56-1-бап. Монополияға қарсы органның жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама бойынша шешiм қабылдауы



Ст. 56-1 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV



1. Егер монополияға қарсы органға жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама келiп түскеннен кейiн күнтiзбелiк қырық бес күн өткен соң монополияға қарсы орган хабарламаны жiберген тұлғаға мәмiленiң күшiн жою қажеттiгi туралы нұсқама жiбермеген жағдайда, экономикалық шоғырлану жүзеге асырылған болып саналады.

2. Егер монополияға қарсы орган жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны қарау кезiнде оны жасаудың бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, оның iшiнде нарық субъектісінің үстем жағдайының пайда болуы немесе күшеюi жолымен шектеуге немесе жоюға әкеп соғатыны немесе әкеп соғуы мүмкiн екендiгiн анықтайтын жағдайда, монополияға қарсы орган күнтiзбелiк отыз күн iшiнде орындалуға жататын мәміленің күшін жою қажеттігі туралы нұсқама шығарады.

3. Мәміленің күшін жою қажеттігі туралы нұсқама орындалмаған жағдайда монополияға қарсы орган нарық субъектiсiн монополияға қарсы органның осы нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу туралы талап қоюмен сотқа жүгiнеді.

 Ескерту. 8-тарау 56-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...55 56 56-1 57 58 ...81 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 56-1-бап Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV