Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Бәсекелестiк туралы
57-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарауды тоқтату негіздері



Ст. 57 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV



1. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарау:

1) өтініш берушілерден өтінішхатты кері қайтарып алу туралы хабарлама түскен;

2) өтініш беруші ақпаратты монополияға қарсы орган белгілеген мерзімде бермеген, егер мұндай ақпараттың болмауы өтінішхатты қарауға кедергі келтіретін болған;

3) өтініш беруші өтінішхатты объективті түрде қарауға ықпал ететін дәйексіз ақпарат берген жағдайларда тоқтатылуға жатады.

2. Монополияға қарсы органның өтінішхатты қарауды тоқтату туралы шешімі монополияға қарсы органның актісімен ресімделеді және мұндай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішхат беруші тұлғаға жіберіледі.

3. Өтініш беруші өтінішхатты қарау тоқтатылғаннан кейін монополияға қарсы органға экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы жаңа өтінішпен жүгінуге құқылы. 

 РҚАО-ның ескертпесі!

8-тарауды 57-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 05.05.2015 № 312-V  Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі). 
9-тарау. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын анықтау

Статья 1 ...56 56-1 57 58 59 ...81 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 57-бап Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV